Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» робототехника бойынша облыстық конкурс

09.08.2021

Өткен демалыс күндерінде Көкшетау қаласының «IT мектеп-лицейі» КММ-де «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың III облыстық конкурсы табысты өтті. Биылғы жылы ол әлдеқайда ауқымды болды. 9 санат бойынша өткізілген жарыстарда аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан, ведомстволық бағынысты облыстық білім беру ұйымдарынан, жеке ұйымдар мен колледждерден жалпы саны 250 оқушы мен студенттер жарысқа түсті. Бұл өткен жылға қарағанда екі есе көп.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының білім беру ұйымдарында 135 робототехника кабинеттері бар. Биылғы оқу жылында облыстың барлық 560 мектебінде «Тегін IT-сыныптар» ашылды. Сондай-ақ, облыс орталығында «Кванториум» балалар технопаркі ашылды. Ол 1 мыңнан астам баланы қамти алады.  Қыркүйек айында мемлекеттік тілде оқытатын 900 орындық It мектеп-лицейі ашылды. Робототехника жақында ғана дамып келе жатқанымен, біздің балалар республикалық және халықаралық байқауларға  қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Конкурс 9 санат бойынша жарыс түрінде өтті: «Интеллектуалды сумо "А"», «Интеллектуалды сумо "В"», «Кедергілер арқылы жолақпен жүру "А"», «Кедергілер арқылы жолақпен жүру "В"», «Кегельринг», «Кегельринг-квадро», «Лабиринт», «Stem Robot mouse» және «Smart CITY» шығармашылық санаты.

Жарыс думанды және қызықты өтті. Биыл алғаш рет роботтардың ең кішкентай – алты жасар әуесқойлары жарысты. Жас қатысушылар "Stem Robot mouse" санатында өнер көрсетіп, роботтар шоуын ұсынды.

Ұзақ және толқыған сәттерден кейін кубоктар, медальдар және естелік сыйлықтар табыс етілген жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

 

Байқау жеңімпаздары келесі ретпен орналасты:

      

 

Iорын:

 

«SMART CITY» шығармашылық категориясында:   Көкшетау қаласы IT мектеп –лицейінің «RED STARS» командасы

 

 

«Интеллектуалды сумо «А» категориясында: Көкшетау қаласы Білім –инновация лицейінің «Avengers» командасы

 

 

 «Интеллектуалды сумо «В» категориясында: Көкшетау қаласы «Кокшетау дарыны» дарынды балалармен жұмыс орталығының «Win-Style» командасы

 

«Кедергілер арқылы жолақпен жүру «А» категориясында: Бурабай ауданы С.Сейфуллина атындағы орта мектебінің «Burabay Industries» командасы

 

«Кедергілер арқылы жолақпен жүру «В» категориясында: Көкшетау қаласы "Discovery" инновациялық шығармашылық орталығының «DemoBots» командасы

 

 

«Кегельринг» категориясында: Көкшетау қаласы "Кванториум" балалар технопаркінің «Smart-X» командасы 

 

«Кегельринг – КВАДРО» категориясында: Көкшетау қаласының IT мектеп –лицейінің «Smaq» командасы  

 

«Stem Robot mouse» категориясында: Көкшетау қаласы "Mega intellectual" тұлғаны дамыту орталығының Little Stars командасы

 

Лабиринт категориясында: Көкшетау қаласы "Mega intellectual" тұлғаны дамыту орталығының Little Stars командасы   

 

II – орын:

 

«SMART CITY» шығармашылық категориясында: Целиноград ауданы №2 Қосшы орта мектебіның «Nano projects» командасы  

 

«Интеллектуалды сумо «А» категориясында: Есіл ауданы Сайлау Сериков атындағы орта мектебінің «Легоплюс» командасы   

 

 

 «Интеллектуалды сумо «В» категориясында: Көкшетау қаласы Білім –инновация лицейінің «Warriors» команадасы  

 

 

«Кедергілер арқылы жолақпен жүру «А» категориясында: Бурабай ауданы Зеленобор мектеп –гимназиясының «RoboFox» командасы  

 

«Кедергілер арқылы жолақпен жүру «В» категориясында: Бұланды ауданы Балуан Шолак атындағы мектеп-лицейінің «Baluan Sholak» командасы

 

«Кегельринг» категориясында: Көкшетау қаласы «Көкшетау дарыны» дарынды балалармен жұмыс орталығының «Strike» командасы

 

«Кегельринг – КВАДРО» категориясында: Көкшетау қаласы «Көкшетау дарыны» дарынды балалармен жұмыс орталығының «Спарта» командасы

 

«Stem Robot mouse» категориясында: Көкшетау қаласы "Mega intellectual" тұлғаны дамыту орталығының «Молния» командасы 

 

Лабиринт категориясында: Көкшетау қаласы Білім–инновация лицейінің ToxicLаw командасы  

 

III – орын:

 

«SMART CITY» шығармашылық категориясында: Көкшетау қаласы "Mega intellectual" тұлғаны дамыту орталығының «БЭМС» командасы 

        

«Интеллектуалды сумо «А» категориясында: Біржан Сал ауданы Степняк қаласының №1 орта мектебінің «Электроник» командасы   

 

 

 «Интеллектуалды сумо «В» категориясында: Кокшетау қаласы дарынды балаларға арналған №3 мектеп – интернатының «The Best» командасы  

 

 

«Кедергілер арқылы жолақпен жүру «А» категориясында: Бурабай ауданы «Арман» МТОТЖО-ның «Роболэнд командасы

 

 

«Кедергілер арқылы жолақпен жүру «В» категориясында: Буланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің «RoboMind» командасы

 

 

«Кегельринг»  категориясында: Көкшетау қаласы "Mega intellectual" тұлғаны дамыту орталығының «Комета» командасы

 

«Кегельринг – КВАДРО» категориясында: Көкшетау қаласы Білім-инновация лицейінің «KTLskiy» командасы   

 

«Stem Robot mouse» категориясында: Көкшетау қаласы "Mega intellectual"  тұлғаны дамыту орталығының «Дружба» командасы

 

Лабиринт категориясында: Бұланды ауданы Никольск орта мектебінің «SmartBlock» командасы

 

Қатысушылар, көрермендер және ұйымдастырушылар жақсы көңіл-күй мен жағымды эмоцияларға ие болды!

 

  • IMG_8487-18-03-19-12-50.JPG
  • IMG_8481-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8475-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8489-18-03-19-12-50.JPG
  • IMG_8483-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8482-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8486-18-03-19-12-50.JPG
  • IMG_8480-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8479-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8477-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8478-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8476-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8474-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8472-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8468-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8473-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8469-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8471-18-03-19-12-49.JPG
  • IMG_8470-18-03-19-12-49.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 09.08.2021 17:56
Құрылған күні: 09.08.2021 17:56

Текст