" />
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті әріптестер!

31.12.2025

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Өтіп бара жатқан жыл Ақмола облысының білім беру жүйесі үшін орнықты даму мен цифрлық трансформация саласындағы маңызды нәтижелер кезеңі болды. Бірлескен күш-жігердің арқасында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, ақпараттық жүйелер мен цифрлық сервистерді енгізу, заманауи білім беру ресурстарына қолжетімділікті кеңейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

2025 жылы облыстың барлық мектептері электрондық форматта жұмыс істеуде: отандық BilimClass платформасына сәтті көшу жүзеге асырылып, электрондық журналдар мен күнделіктердің тұрақты жұмысы қамтамасыз етілді.

Цифрлық инфрақұрылым едәуір нығайтылды: барлық мектептер интернет желісіне, оның ішінде спутниктік технологияларды пайдалану арқылы қосылды, талшықты-оптикалық байланыс желілеріне кезең-кезеңімен қосу жүргізілуде, жергілікті және сымсыз желілердің қамту аймағы кеңейтілуде, компьютерлік парк пен интерактивті жабдықтар жаңартылуда. Өңір компьютерлік техникамен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша республикалық орташа көрсеткіштерден тұрақты түрде жоғары.

STEM бағыттары мен робототехника одан әрі дамыды: жабдықталған мектептердің саны артты, педагогтерді даярлау кеңейтілді, облыс оқушылары республикалық және халықаралық жарыстарда өңір намысын табысты қорғап жүр. Жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізілуде, цифрлық штаб құрылды, пилоттық жобалар іске асырылуда, педагогтер мен оқушылар үшін оқыту және тәжірибеге бағытталған іс-шаралар өткізілуде.

Akmola.kz, MetaDoc, «Мектептердің электрондық картасы», College Smart Nation, Ұлттық білім беру деректер қоры ақпараттық жүйелерінде жұмыс жалғасуда, бұл басқару процестерінің ашықтығын арттыруға және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етуде.

«Әлеуметтік әмиян» және «Бизнес-әмиян» жүйелерін пайдалану арқылы «Жалпы білім беретін мектептерде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы білім алушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жалғастырылды. Ағымдағы жылы цифрлық сервистердің тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, білім беру ұйымдарының қамтуы кеңейтілді және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылау күшейтілді.

Қол жеткізілген нәтижелер басшылардың, педагогтердің, мамандардың және білім беру жүйесінің барлық қызметкерлерінің кәсібилігі, жауапкершілігі мен үйлесімді еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Жаңа 2026 жылы бізді цифрлық білім беру ортасын одан әрі дамыту, инновацияларды енгізу және білім сапасын арттыру бойынша маңызды міндеттер күтіп тұр. Жиналған тәжірибе мен командалық жұмыс барлық жоспарланған бастамаларды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер, тұрақтылық пен әл-ауқат тілейміз. Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктер, ертеңгі күнге сенім және одан әрі даму үшін шабыт әкелсін!

Құрметпен,
Акмола облысы білім басқармасының
«Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ директоры
Б.Қадыров

 

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст