08.05.2026
Білім беру ұйымдары дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ білім алушылардың дербес деректерін заңсыз жинау, сақтау, өңдеу және тарату фактілеріне жол бермеуі қажет.
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7 және 9-баптарына сәйкес дербес деректерді өңдеу тек заңды негіздерде, алдын ала айқындалған мақсаттарда және ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын, сондай-ақ оны заңсыз қол жеткізуден, таратудан, өзгертуден немесе жоғалтудан қорғауды міндетті түрде қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Білім беру ұйымдарының басшылары дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамада көзделген барлық ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдауға міндетті. Дербес деректерді ашық ақпарат көздерінде орналастыруға, сондай-ақ оларды заңды негіздерсіз және дербес деректер субъектілерінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 79-бабына сәйкес дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.
Дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтау білім алушылар мен олардың отбасыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.