Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беру жүйесіндегі цифрландырудың жаңа трендтері» тақырыбында әдіскерлер, мониторинг үйлестірушілері секциясы

06.09.2021

Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 3 қыркүйегінде «Білім беру жүйесіндегі цифрландырудың жаңа трендтері» тақырыбында әдіскерлер, мониторинг үйлестірушілері секциясы өткізілді.
Секцияға АӘК басшылары, меңгерушілері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің мониторинг үйлестірушілері мен әдіскерлері, облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттары, ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығының білім статистикасы және жоспарлау департаментінің директоры Увалиева Жанар Саметовна, «Kundelik» ЖШС бас директоры Ильясов Мұхтар, «Bilimland» ЖШС атқарушы директоры Санжар Кенжеханұлы қатысты.
Секция барысында 2020-2021 оқу жылының қорытындылары және 2021-2022 жылдарға арналған облыстың білім беруді цифрландыру саласындағы міндеттері, «Күнделік» бірыңғай интеграцияланған білім беру платформасындағы, «Bilimland» цифрлық білім беру платформасындағы жаңалықтар , сондай-ақ ұлттық білім беру деректер базасының жаңа мүмкіндіктері айтылды.
«Білім беру жүйесіндегі цифрландырудың жаңа трендтері» тақырыбындағы секциясының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді, сондай - ақ 6-8 қыркүйек аралығында «Bilimland» білім беру платформасын пайдалану бойынша онлайн-тренингтер жоспарланған.

 

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст