Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектептердің электрондық картасы» ақпараттық жүйесін жаңғырту бойынша онлайн режимінде оқыту семинары

13.12.2021

Білім басқармасының облыстық прокуратурамен және полиция департаментімен ведомствоаралық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында 2018 жылдан бастап Ақмола облысының білім беру ұйымдарында «мектептердің электрондық картасы» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

 Бұл барлық мектептер көрсетілген облыстың жабық интерактивті картасы. Онда мектеп, мектеп әкімшілігі туралы барлық деректер; контингент; кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда есепте тұрған, сабақтан  жиі кететін, қолайсыз отбасылардың,  өзіне-өзі қол жұмсауға бейім балалар және осы санаттағы балалармен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың барлық түрлері көрсетіледі.

Бүгін «мектептердің электрондық картасы» ақпараттық жүйесін жаңғырту, қолайсыз отбасылардың базасын қосу және толықтыру бойынша онлайн режимінде оқыту семинары өтті.

Кеңеске білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Ж. Ділдабаева, Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы»  КММ директоры Б. Қадыров, осы бағыттағы жұмысқа жетекшілік ететін аудандардың /қалалардың білім бөлімдерінің қызметкерлері және  «KOKOS.KZ « ЖШС директоры Д. Соколов қатысты.

 «KOKOS.KZ»  ЖШС-мен бірлесіп  базаның жаңғыртылуы көрсетілді. Қолайсыз отбасыларды бақылау модулі қосылды.

  Оқыту семинары барысында білім бөлімдерінің қызметкерлері бағдарламаны жаңғырту және толтыру бойынша қызықтырған сұрақтар қойды.

  Семинар қорытындысы бойынша 2021 жылдың 21 желтоқсанында өтетін оқыту семинарын қайта өткізу туралы шешім қабылданды.

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст