Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» робототехника бойынша облыстық конкурс

11.03.2022

Бүгін Ақмола облысының білім басқармасы мен Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының ұйымдастыруымен        «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты облыстық робототехника байқауы аяқталды.

Іс-шараның басты мақсаты шығармашылық белсенділікті дамытуға және облыс оқушылары арасында инженерлік мамандықтарды танымал етуге ықпал ету болды.

Әлемде жаһандық технологияландыру жүріп жатыр, сондықтан IT және робототехника адам өмірінің барлық салаларын қозғайды.

Робототехникалық тапсырмаларды орындау шығармашылық, өзекті мәселелерді шешу, бағдарламалау дағдыларын қалыптастырады. Оқу бағдарламаларының бірнеше пәнімен тығыз байланысқан, оқушыларға бірде ғылыми дағдыларды пайдалану қажет болса, бірде математика, техника, бағдарламалау, физика саласындағы білімдерін қолдану қажет болады.

Технологиялардың дамуы, өндірісті автоматтандыру және күнделікті өмір аясында көлік, технологиялық машиналар мен техника саласындағы мамандар, сондай-ақ машина жасау, жасанды интеллект мамандары, робот техникасы инженерлері, интернет-қауіпсіздік инженерлері және т. б. сияқты жаратылыстану ғылымдары саласында техникалық білімді қолданатын мамандықтар сұранысқа ие болады.

Биыл байқауға Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан 69 команда қатысты.

Конкурс 5 санат бойынша жарыс түрінде өтті: «Лабиринт», «Интеллектуалды сумо «А» «Кегельринг», «Кегельринг –квадро», және «Smart CITY» шығармашылық санаты.

Жеребе тасталғаннан кейін қатысушылар жарысқа қатысып, роботтарды құрастыру және бағдарламалау дағдыларын көрсетті.  Барлық 5 санаттағы әрбір жарыс өзінше ерекше және қызықты болды, сондықтан судьяларға, сөзсіз, талантты қатысушыларды бағалау оңай болған жоқ.

Осы қиын күннің қорытындылары ұзақ және толқынысты күту сәттерінен кейін шығарылып, жеңімпаздардың есімдері белгілі болды, оларға кубоктар, медальдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Байқау жеңімпаздары келесі ретпен орналасты:

Ақмола облысы білім басқармасының І дәрежелі дипломымен, кубокпен, медальдармен және сыйлықпен марапатталатын командалар тізімі

 

«SMART CITY» категориясы бойынша

 

  • Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «BOLASHAQ SARAIY» «ААА» командасы

 

«Интеллектуалды сумо «А» категориясы бойынша

  • Көкшетау қаласының техникалық шығармашылық орталығының «Digital Generation» командасы

 

 

 

 

 

«Кегельринг»

категориясы бойынша

  • Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «BOLASHAQ SARAIY» «Квантум» командасы

 

«Кегельринг – КВАДРО» категориясы бойынша

  •  Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «BOLASHAQ SARAIY» «Джидай» командасы
  •  

 

Лабиринт категориясы бойынша

 

  •  Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандырылған мектеп-интернатының «The Best» командасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы білім басқармасының ІІ дәрежелі дипломымен, кубокпен, медальдармен және сыйлықпен марапатталатын командалар тізімі

 

«SMART CITY» шығармашылық категориясы бойынша

  • Қосшы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің «Originates» командасы

 

 

«Интеллектуалы сумо «А» категориясы бойынша

 

  • Зеренді ауданы Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Ақадыр» командасы

 

«Кегельринг» категориясы бойынша

 

  • Ақкөл қаласы № 2  жалпы орта білім беретін мектебінің «Чемпион» командасы

 

«Кегельринг – КВАДРО» категориясы бойынша

 

  • «әл-Фараби атындағы IT лицей» «Hesoyam»

 

Лабиринт категориясы бойынша

  • Көкшетау қаласы № 1 мектеп-гимназиясының «Fortnite» командасы 

 

Ақмола облысы білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен, кубокпен, медальдармен және сыйлықпен марапатталатын командалар тізімі

 

«SMART CITY» шығармашылық категориясы бойынша

 

  • Щучинск қаласының «Білім инновация» IТ лицей-интернатының «Spacex» командасы 

 

«Интеллектуалы сумо «А» категориясы бойынша

 

  • Біржан сал ауданы Үлгі ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Истина» командасы

 

«Кегельринг»  категориясы бойынша

 

  • Степногорск қаласы Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының «Texno Geeks» командасы

 

«Кегельринг – КВАДРО» категориясы бойынша

 

  • Степногорск қаласы Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының «Texno Geeks» командасы

 

Лабиринт категориясы бойынша

  • Целиноград ауданы Қараөткел ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің «Robo – K9» командасы

 

 

      

 

Просмотров: 4067


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст