Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында алғаш рет «Көкшетау Bilim Lab» ресурстық орталығы ашылды!

20.11.2019

Көкшетау қаласындағы "Көкшетау Bilim Lab" бірінші ресурстық орталығы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған (қазақ тілінде оқытатын) мектеп-интернатында ашылды.
  Іс-шара «Білім және цифрлық технологиялар» облыстық кеңесі барысында өтті, оған "Bilim Мedia Group" ЖШС, Google for Education, STEM Academia өкілдері, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер меңгерушілері, электрондық оқыту бойынша әдіскер лер, мектеп директорлары және т. б. шақырылды. «Көкшетау Bilim Lab» орталығының ашылуы мұғалімдердің оқыту процесінде АКТ-шешімдерді қолдану бойынша дағдыларын жақсартуға ықпал етеді. Бұл педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін бірегей әрі ашық алаң.
  Қазақстан үшін жаңа электрондық оқыту нарығын қалыптастыратын «Bilim Media Group» инновациялық компаниясы ресурстық орталықты ашу идеясының шабыттандырушысы болып табылады. Олар білім беруге қажетті контентті жасаумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысады. Компанияның миссиясы: «Баршаға қолжетімді сапалы білім».

Осы ресурстық орталықтың базасында қорытынды аттестаттауға, ОЖСБ мен ҰБТ-ға сапалы дайындық мақсатында оқушылардың тегін сынақ тестілеулері өткізіледі.

Просмотров: 571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст