Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» тақырыбында облыстық семинар- практикум

16.02.2018

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оқу робототехникасын танымал ету, білім беруде робототехникасын дамыту, ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында оқушыларды зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау мақсатында 15-16 ақпан күні Көкшетау қаласында «Білім- инновация» лицей-интернаты» базасында облыстық семинар- практикум өтті. Семинарға Ақмола облысының информатика мұғалімдері қатысты.

Семинарда мұғалімдер робототехника конкурсынның ережелерін талқылады және роботтарды жинау бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді. Сындарлы диалог құрылып, қатысушылар өз тәжірибелерімен алмасты, көптеген сұрақтарға жауап алды.

Жұмыстың қорытындысы бойынша семинар қатысушыларына аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының сертификаттары берілді.

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст