Астана қаласында М. Өтемісұлы атындағы мектеп сарайында Республикалық спорттық Қазақстан Федерациясы қоғамдық бірлестігі және Шеврон компаниясының жәрдемдесуімен «КазРоботикс» білім беру робототехникасы, Америкалық бұрыш, сондай-ақ М. Өтемісұлыатындағы сарайының оқушыларының ұйымдастыруымен робототехника бойынша аймақтық іріктеу жарыстары өтті.
«KazRoboSport-2017» чемпионаты келесі категориялар бойынша өткізілді:
1. Жарыс желісі бойынша кедергілермен - үлкен және кіші жас топтары.
2. Кегельрингквадро - үлкен және кіші жас топтары.
3. Робосумо: шағын- кіші жас топтары, адымдаушылар – үлкен жас топтары.
4. Робофутбол – жалпы жас топтары.
5. Биатлон – кіші топ.
Чемпионат екі кезеңге бөлінеді:
Іріктеу чемпионаты: 2017 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан Республикасының әкімшілік орталықтарында (өңірлерде) жүргізіледі. Іріктеу чемпионтына қатысу тегін. Жеңімпаздар Федерациясының дипломдарымен марапатталады және "KazRoboSport" республикалық чемпионатында өңірдің намысын қорғауға мүмкіндік алады.
Республикалық чемпионат. 2017 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе қаласында өткізіледі. Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтар алады және Қазақстан құрамасында робототехника бойынша халықаралық чемпионаттарда қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Жүлделі орындар былайша бөлінеді:
Кегельринг бірінші орын - Мерей Сеити, Мейірлан Хайролла. Екінші орын - Алмаз Кыдырмини, Алихан Хамит Ақмола облысының білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатынан. Көкшетау Роботрек клубынан Давид Осипов, Александр Сериков жарыс желісінің кедергілері бойынша үздік атанды. Жарыс желісінің кедергілері бойынша үлкен жас тобы Евгений Трофимов и Жанат Габдулин «Көкшетау қаласының, жоғары колледжі» ГККП үздік атанды. Робосумоадымдаушылар номинациясында Жамбыла Алибеков пен ЗаремыМухтарова бірінші орын.
Екінші орын -ЕрболатСагиев и КудайбергенКабыкенДружбинская орта мектебі.
Жарысқа қалалар мен облыстардан 124 жас дарындылар қатысты.
Бірінші орын алған барлық қатысушылар 2017 жылы қыркүйек айында Ақтөбе қаласында жоспарланған республикалық жарыстарға қатысу үшін аймақтың құрамына кіреді.