BilimMediaGroupкомпаниясыБілімжәнеғылымминистрлігіменбірлесіпұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауыныңбіріншікезеңіаяқталды. «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының бірінші кезеңі 2017 жылдың 10 қаңтарынан басталып 1 наурызға дейін жалғасты. Байқауға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам ұстаз өтінім қалдырып, өздерінің бірегей жұмыстарын жолдаған болатын. Байқауға жұмыстар төрт аталым бойынша қабылданды: сабақтағы АКТ, тәрбие жұмысындағы АКТ, АКТ-ны ҰБТ-ға дайындауда қолдану және шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) АКТ. Ең көп жұмыс «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша келіп түсті, осы аталыммен қабылданған жұмыстарда жаңашыл мұғалімдер bilimland.kz білім беру платформасының бірнеше ресурсын сәтті үйлестіру дағдыларын көрсете білді. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруде және пәндерді интеграциялауда АКТ-ны тиімді қолдануды көрсеткен бірегей жұмыстар да болды. Тәуелсіз сараптама комиссия мүшелері келіп түскен байқау жұмыстарын екінші кезеңге жіберу үшін іріктегенде, авторлық идеяның бірегейлігіне, әдістемелік сауаттылыққа және байқау шарттарында көрсетілген талаптарға сай болуына баса мән берді.
Байқаудың екінші кезеңі 2017 жылдың 13 наурызында басталып, 1 мамырда аяқталады. Байқау қатысушылары өз жұмыстарын видео үлгісінде: өзі туралы видеотаныстыру мен bilimland.kz ресурстары кіріктіріліп өткізілген сабақтың немесе сынып сағатының видеоүзіндісін түсіріп, жіберуі тиіс.
Аталмыш байқауға Ақмола облысынан 17 мұғалім қатысып, екінші кезеңге 4 қатысушы өтті. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша «Шағын жинақты мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»аталымы бойынша Ақкөл ауданы, Новорыбинка орта мектеп-балабақшасының информатика пәнінің мұғалімі Бардаль Сергей Владимирович жеңімпаз атанды.
2017 жыдғы 25 мамыр күні Bilim Media Group компаниясының өкілдері Сарсенова Татьяна Альбертовна және Сулейменова Шолпан Амирхановна жеңімпазды құттықтап, диплом мен сертификат табыстады.
Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз!