Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім беру ұйымдарын компьютерлік техникамен жабдықтау

01.09.2020

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 506 қаулысына сәйкес Ақмола облысына нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде 23 043 дана компьютерлік техника сатып алуға 3 568 574,128 мың теңге бөлінді: дербес компьютерлер  - 2398 дана, ноутбуктер - 17537 дана, планшеттер  - 3108 дана.

Бұл компьютерлік техника облыс мектептерінің материалдық базасын нығайтуға және оларды әрі қарай қашықтықтан оқыту кезінде әлеуметтік осал отбасылардың балаларына уақытша пайдалануға беруге арналған.

«Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен арнайы тәртіпті қолдана отырып бір көзден алу тәсілімен аталған компьютерлік техниканы  сатып алу көзделген.

ҚР Үкіметі бөлген қаражатқа облыс  мектептері үшін компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін  құрамында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің, арнайы мониторингтік топтың, «Akmola-adaldyk alany» жобалық кеңсесінің, Қамқоршылық кеңестің, білім басқармасының өкілдерінен тұратын қоғамдық комиссия құрылды.

Білім беру ұйымдарының білім алушыларын қамтамасыз ету үшін компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алуды Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық  білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ жүзеге асырады.

         Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы компьютерлік техниканы жеткізушілерді таңдауды жеткізілетін өнімнің техникалық сипаттамалардың өлшемдеріне, мәлімделген өнімді жеткізу мерзімдері мен көлемдеріне қатаң сәйкестігін ескере отырып, қоғамдық комиссияның ұсынымы негізінде жүзеге асырды.

         Келесі өнім берушілермен компьютерлік техниканы сатып алуға шарттар жасалды:

         компьютерлер сатып алуға:

  1. «XFinity Solutions» ЖШС  -  әр бірлігі 158,0 мың теңгеден 177118,0 мың теңгеге 1121 дана көлемінде, жеткізу мерзімі 2020 жылғы 15 қыркүйекке дейін;
  2. «КазИнтерСервис-Астана» ЖШС  -  әр бірлігі 158,0 мың теңгеден 201766,0 мың теңгеге 1277 дана көлемінде, жеткізу мерзімі 2020 жылғы 15 қыркүйекке дейін.

         ноутбуктер сатып алуға:

  1. «MOBY SERVIS»  ЖШС  -  әр бірлігі 137,0 мың теңгеден 347569,0 мың теңгеге 2537 дана көлемінде, жеткізу мерзімі 2020 жылғы 20 қыркүйекке дейін;
  2. «С.М. Киров ат. зауыт» АҚ  -  әр бірлігі 137,0 мың теңгеден 2055000,0 мың теңгеге 15000 дана көлемінде, жеткізу мерзімі 2020 жылғы 20 қыркүйекке дейін.

         планшеттер сатып алуға:

  1. «MOBY SERVIS»  ЖШС  -  әр бірлігі 48,0 мың теңгеден 149184,0 мың теңгеге 3108 дана көлемінде, жеткізу мерзімі 2020 жылғы 15 қыркүйекке дейін.

 

Просмотров: 483


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст