Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының білім беру жүйесін цифрландыру бойынша ақпарат

09.08.2021

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ облыстың білім беру жүйесін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Электрондық журналдар мен «Kundelik.kz»  күнделіктер жүйесі

 

«Kundelik.kz» ақпараттық жүйесінде облыстың барлық күндізгі жалпы білім беретін мектептері тіркелген. Күн сайын облыстың 22 мыңнан астам педагог электронды журнал толтырады.

Республика бойынша облыстар арасындағы рейтингте Ақмола облысы үшінші орында тұр.

Жүйені толтыру мониторингі апта сайын аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жіберіледі. «Kundelik.kz»  жүйесінде облыс мектептерінің белсенділігін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану

Облыстың барлық мектептері «Bilimland» білім беру платформасына қосылған. Платформада 15 мыңнан астам мұғалім тіркелген.

Білім беру ұйымдарына арналған «Bilimland» платформасында қашықтықтан оқытуға арналған «Online Mektep» модулі іске қосылды, онда 1-ден 11-ші сыныпқа дейінгі барлық негізгі пәндер бойынша қазақ және орыс тілдерінде 3000-нан астам бейнесабақтар ұсынылады.

Соңғы 5 жылда республика бойынша облыстар арасындағы рейтингте Ақмола облысы «Bilimland» білім беру ресурсын пайдалану бойынша көшбасшылар үштігінде тұр.

«Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰБДҚ).

Өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы ұлттық деректер базасын (бұдан әрі – ҰБДҚ) толтыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні ҰБДҚ базасында 1322 білім беру ұйымы тіркелген, оның ішінде 1322 100% - ы толтырылған.

 

Білім беру ұйымдарының цифрлық инфрақұрылымын дамыту (Интернет, Wi-Fi желісі, компьютерлік техника)

 

«Kundelik», «BilimLand», «ҰБДҚ» ақпараттық жүйелеріндегі мұғалімдердің табысты жұмысының шарттарының бірі – компьютермен жабдықталған пәндік кабинеттің болуы болып табылады.

Бүгінгі күні облыста компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 1 компьютерге 3 оқушыны құрайды.

2020 жылы облыстық, аудандық (қалалық) бюджеттер қаражаты есебінен 2,6 мыңнан астам (2684) компьютерлік техника сатып алынды. Бұдан басқа, Үкімет үлкен қолдау көрсетті: (3,5 млрд.теңге), 23 мың бірлік (23043) компьютерлік техника (компьютерлер - 2398, ноутбуктер - 17537, планшеттер - 3108) сатып алынды. Қаражатты үнемдеу есебінен Үкімет резервінен 4 мыңға жуық компьютерлік техника (3934) қосымша сатып алынды. Бүгінде облыс мектептерінде 45 мыңнан астам компьютерлік техника бар.

Робототехника

 

Облыста STEM-білім беру белсенді дамуда. Жаңа білім беру саясатын іске асыру үшін оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтер енгізілген. Ақмола облысында білім беру робототехникасын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінгі таңда 199 білім беру ұйымдары робототехника элементтерімен/кабинеттерімен жабдықталған: 688 LEGO жиынтығы, 230 Arduino жиынтығы, 48 3D принтер, 10 квадрокоптер және 7 гуманоид бар (адам тәріздес робот - бұл дене пішіні адам ағзасына ұқсайтын робот).

Көкшетау қаласында «Кванториум» балалар технопаркі жұмыс істейді. 1 мыңнан астам баланы қамтиды. Олар физика, математика, мехатроника, алгоритм, бағдарламалау, электроника және микропроцессорлық жүйелер негіздерін үйренеді. Сондай - ақ Степногорск қаласында «Smart Step» бизнес-инкубаторы жұмыс істейді. 300 бала қамтылған.

2020 жылы балаларға, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Болашақ сарайы»  қосымша білім берудің инновациялық орталығы ашылды, «Болашақ сарайы» зертханалары мен шеберханаларының жоғары технологиялық жабдықтарының бағыты био және IT-технологиялар, экологиялық және жаратылыстану-ғылыми зерттеулер саласында жаңа технологияларды оқытуға, балалар мен жасөспірімдер арасында WorldSkills құзыреттерін арттыруға бағытталған.

Көкшетау және Щучинск қалаларында It мектеп-лицейлер ашылды. Аталған IT-лицейлерде оқушыларды оқыту мына бағыттар бойынша жүргізіледі: робототехника, бағдарламалау, 3-D дизайн, еуропалық білім беру стандарттары бойынша жобалау қызметі. Сонымен қатар оқушыларға арналған оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды және математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған.

Көкшетау қаласының жоғары колледжінің базасында It-орталық жұмыс істейді. Бұл орталық жастардың инновациялық шығармашылық орталығы ретінде жұмыс істейді. IT-орталық келесі модульдер бойынша дайындықты жүзеге асырады: инженерлік графика және 3D технологиялар, логистикалық контроллерлерді бағдарламалау, мехатрондық және роботтандырылған жүйелер және web-сайттар мен Интернет қосымшаларды әзірлеу. Колледж студенттері мен түлектері мобильдік қосымшалар, сайттар және цифрлық технологиялар саласындағы кәсіпкерліктің басқа да бағыттары саласындағы өз старт-ап жобаларын таныстырды. IT-орталық мобильді робототехниканың заманауи жинақтарымен жабдықталған: ардуино, MYRIO, LEGO процессорындағы тетрис, сондай-ақ IT-орталық жоғары сипаттамалары бар моноблоктармен, LCD панелінің акустикалық жүйесімен жабдықталған.

Көкшетау қаласында 2016 жылдан бастап "Роботрек" жеке робототехника клубы жұмыс істейді. Бұл клубқа 5 жастан 18 жасқа дейінгі 180 бала барады. Оқу үрдісінде My-ROBOT бірыңғай халықаралық желісінің ең озық технологиялары мен бағдарламалары пайдаланылады.

«Руғани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл сайын робототехника бойынша «Ұлы Өнертабысқа алғашқы қадам» облыстық байқауы өткізіледі, оған мектеп, колледж және жеке ұйымдардың оқушылары қатысады.

Сондай-ақ, оқушылар «World Robot Olympiad», «Kazakhstan Robotics Challenge», «Roboland Kazakhstan» сияқты робот техникасы бойынша республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, жүлдегер атанады.

 


«Балаларға арналған тегін IT-сыныптар»

 

Облыстың барлық мектептерінде «Тегін IT-сыныптар» жұмыс істейді. ІТ-сыныптарда балалар еуропалық білім беру стандарттары бойынша бағдарламалау, қарапайым алгоритмдерді құру, Web-сайттарды құру, компьютерлік ойындар мен анимация дағдыларына үйренеді. Бұл жоба шағын жинақталған мектептер мен ауылдық жерлерде оқитын 3-8 сынып оқушылары үшін озық цифрлық дағдылар мен білімге қол жеткізу мәселесін шешуге мүмкіндік береді. IT-сыныптарда оқу үшін 34 сағатқа есептелген «Бағдарламалау негіздері» оқу бағдарламасы әзірленді. Осы мақсаттарға ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 97 млн. теңге бөлінген.

 

 

Мектептерді кең жолақты қолжетімділікпен Интернет желісімен қамтамасыз ету

 

Барлық мектептер Интернетке 4 Мбит/сек және одан жоғары жылдамдықпен қол жеткізе алады. 68 жылдамдығы 4-тен 8 Мбит/с-қа дейін, 484 мектепте интернет жылдамдығы 8 Мбит/с және одан жоғары. 2021 жылы 40 мектепте интернет жылдамдығы 8 Мбит/с және одан жоғары деңгейге көтерілді. 2022 жылы тағы 20 мектепте интернет жылдамдығын 8 Мбит/с дейін және одан да жоғары арттыру жоспарлануда.

Мектептерді Wi-Fi желісімен қамтамасыз ету

Облыста 261 мектеп (46,9%) Wi-fi желісіне қосылған. Қалған 294 мектепте Wi-Fi желілерін орнату жұмыстары бюджет қаражатының бөлінуіне қарай жалғасатын болады.

Балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру рәсімдерін автоматтандыру.

Облыста «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру және кезектің қалыптасу процесін автоматтандыру» және «Балаларды мектепке қабылдауды автоматтандыру» мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша https://akmola.kz/ ақпараттық жүйе жұмыс істейді.

Ақмола облысында барлық мектепке дейінгі ұйымдар «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру және кезектің қалыптасу процесін автоматтандыру» автоматтандырылған мемлекеттік жүйесіне қосылған.

 

Орта білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру

 

Облыстың барлық мектептері (100%) «Балаларды мектепке қабылдауды автоматтандыру" автоматтандырылған мемлекеттік жүйесіне қосылған.

«Мектепке қабылдау» мемлекеттік қызметі 1 маусымнан бастап https://egov.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Жүйе аттестаттау және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сынақтан өтті.

Екі жүйе бойынша мобильді қосымша іске қосылды және жұмыс істейді.

ТжКБ-да оқу процесін автоматтандыру

 

ТжКБ-да оқу процесін автоматтандыру іске қосылды және облыстың барлық колледждерінде (100%) жұмыс істейді. Бұл жүйелер колледждерде барлық жұмысты цифрлық форматта жүзеге асыруға мүмкіндік береді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару бұйрықтары; оқу жоспарлары, журналдар. Сондай-ақ College Smart Nation ақпараттық жүйесі арқылы 7 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Орталық облыстың білім беру ұйымдарына консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді. Білім беру басқармасының интернет - ресурсын күнделікті жаңарту, «Kundelik», «Bilimland», ҰБДҚ, интернет - ресурстар, «Аkmola kz» АЖ жұмыс мәселелері бойынша кеңес беру және сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 09.08.2021 12:51
Құрылған күні: 09.08.2021 17:15

Текст