Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялар конкурсының баспасөз – хабарламасы

10.03.2022

2022 жылдың 11 наурызында сағат 10.00-де Ақмола облысында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, білім беру робототехникасын танымал ету, робототехниканы дамыту мақсатында            Көкшетау қаласының  «әл-Фараби атындағы ІТ лицей» КММ базасында «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты-оқушыларға робототехника құралдарының көмегімен техникалық шығармашылықта өз әлеуетін іске асыруға көмектесу, білімдерімен бөлісу және қызықты жобаларды іске асыру үшін құрал ұсыну.

Әлемде жаһандық технологияландыру жүріп жатыр, сондықтан IT және робототехника адам өмірінің барлық салаларын қозғайды.

Робототехникалық тапсырмаларды орындау шығармашылық, өзекті мәселелерді шешу, бағдарламалау дағдыларын қалыптастырады. Оқу бағдарламаларының бірнеше пәнімен тығыз байланысқан, оқушыларға бірде ғылыми дағдыларды пайдалану қажет болса, бірде математика, техника, бағдарламалау, физика саласындағы білімдерін қолдану қажет болады.

Технологиялардың дамуы, өндірісті автоматтандыру және күнделікті өмір аясында көлік, технологиялық машиналар мен техника саласындағы мамандар, сондай-ақ машина жасау, жасанды интеллект мамандары, робот техникасы инженерлері, интернет-қауіпсіздік инженерлері және т. б. сияқты жаратылыстану ғылымдары саласында техникалық білімді қолданатын мамандықтар сұранысқа ие болады.

Облыстық конкурсқа Ақмола облысының барлық өңірлерінен     69 команда қатысады, олар мектеп оқушылары мен робототехника клубтарының тәрбиеленушілері.

Сайыс барысында роботтар алдына қойылған тапсырмаларды орындау дәрежесіне, ептілігіне қарай ұпайлар жинайды. 

Конкурс 5 бағытта өткізіледі:

  1. Лабиринт;
  2. «Интеллектуалды сумо «А»;
  3. Кегельринг;
  4. Кегельринг – КВАДРО;
  5. «SMART CITY» шығармашылық санаты

 

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, кубоктар  медальдармен және жүлделермен марапатталады.

Конкурстың барлық қатысушылары мен қонақтарына ұйымдастырушылар жарқын және есте қаларлық шығармашылық сәттерді уәде етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 3974


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст