Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысындағы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде жаттықтырушыларды оқыту

29.05.2019

2019 жылдың 28 мамырында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі базасында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде жаттықтырушыларды дайындау бойынша оқыту семинары өтті.

Ақмола облысының білім басқармасы АҚ «Қазпочта» (Kazpost), "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, білім беру ұйымдары мен колледждердің информатика мұғалімдеріне 6 бағдарлама бойынша оқыту жүргізді: базалық цифрлық дағдылар, ашық үкімет, электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер, электрондық сауда, ақпараттық қауіпсіздік негіздері және онлайн POST.KZ онлайн қызметтерінің гипермаркеті.

Халықтың цифрлық сауаттылығының 80% көрсеткішіне қол жеткізу үшін ағымдағы жылы облыс бойынша жазғы кезеңде халықтың әртүрлі топтарының 11,1% жұмыссыздар, үй шаруасындағы жұмысшылар, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлер және 74 жасқа дейінгі азаматтардың өзге де санаттары цифрлық сауаттылықтың базалық дағдыларына үйрету қажет.

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері білім беру ұйымдарына цифрлық сауаттылыққа оқыту тізімдерін қалыптастыратын болады.

Просмотров: 543


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст