Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заманауи білім беру ақпараттық технологиялары» тақырыбында семинар –көрмесі

30.01.2023

2023 жылдың 26 қаңтарында «Болашақ сарайы» базасында «Заманауи білім беру ақпараттық технологиялары» тақырыбында семинар –көрме өтті. Семинар-көрмеге қатысты:

- «Amanat Corporation» ЖШС дистрибьютерлік компаниясы жаңа модификациядағы заманауи кабинеттерді, цифрлық зертханаларды, EDTECH (білім беру технологиялары) заманауи жабдықтарын, STEAM кабинеттерін ұсынды.

- "Big Dream lab" компаниясы полиграфия, білім беру, маркетинг, құрылыс, өндіріс және өнеркәсіпте кеңейтілген және виртуалды шындықтың озық технологияларын көрсетті.

- "Pine distribution" компаниясы информатика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және Қазақстан Республикасында  білім беруді танымал ету үшін білім беруде IT-шешімдерді, бағдарламалау бойынша онлайн олимпиадаларды өткізуге арналған платформаны ұсынды.

- «Bilimland» ЖШС компаниясы мұғалімдер мен оқушыларға арналған білім беру платформасы.

- «Арман Инжиниринг»  ЖШС компаниясы ауыл мектептерін оқушылардың инженерлік құзыреттілігін дамыту үшін білім беру жабдықтарымен жарақтандыруда қолдау көрсету бойынша «Болашақ инженерлер» жобасына бастамашы болады.

Бұл компаниялар сертификаттар бере отырып, мастер-класстар өткізді.

Іс-шараға облыс аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің басшылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мониторинг үйлестірушілері мен цифрландыру жөніндегі әдіскерлері және ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорлары мен директорлардың цифрландыру жөніндегі орынбасарлары, Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданының мектеп директорлары мен химия, биология, физика және информатика мұғалімдері қатысты.

Сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін іс-шара облыс аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің басшылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мониторинг үйлестірушілері мен цифрландыру әдіскерлері үшін өткізілді.

Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданының мектеп директорлары мен химия, биология, физика және информатика мұғалімдері үшін сағат 14.00-ден бастап өткізілді.

Просмотров: 3851


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст