Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқу үдерісін цифрландыру» семинар-кеңесі

13.01.2020

        Мектептерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қалай енгізілуде? Ақмола облысында білім беру жүйесін цифрландыру қалай жүзеге асырылады? Осы мәселелерді талқылауға аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының өкілдері осы салаға жетекшілік ететін аудандар мен қалалардың мамандарын жинады.

        «Оқу үдерісін цифрландыру» семинар-кеңесі 10-11 қаңтарда Щучье қ. жаңа ІТ мектеп-лицейінде өтті, тағы қонақтар үшін қосымша экскурсия ұйымдастырылды. Мектеп 2019 жылы 1 қыркүйекте ашылды, ол 800 оқушыға арналған. Мектеп жанында 135 бала қамтитын интернат бар. Мектепте 18 қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндік кабинет, 13 кабинет және 7 жаратылыстану-математикалық бағыттағы зертхана бар. Сондай-ақ үлкен спорт залы, асхана мен бассейны бар. Аталған мектептің ашылуы қала мектептерінде оқушылар орындарының тапшылығын айтарлықтай азайтып, ауылдық жерлердегі балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік берді. 

        Күн тәртібінде ІТ-сыныптардың қызметі, ҰБДҚ жұмысы, электронды журналдар, аудандардағы білім беру ұйымдарының интернет-ресурстары және т. б. мәселелері талқыланды.

 

Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст