Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар-кеңес

30.03.2023

Ақмола аймақтық  білім берудегі жаңа технологиялар орталығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Ибраев Марат Өмірбайұлы - орталықтың консультанты, Сейпиева Салтанат Маратқызы - орталықтың мектеп бөлімінің меңгерушісі, Қазбекова Сәуле Амангелдіқызы - орталықтың әдіскері 2023 жылдың 28 наурызында Біржан сал  және 2023 жылдың 2 сәуірінде  Целиноград аудандарына әдістемелік сапарлар жасалды.

Шығу  мақсаты:

1. Цифрландыру мәселелері бойынша  семинар –кеңес өткізу;

2. Білім беру бөлімдері мен ұйымдарында компьютерлік және ұйымдастыру техникасын есепке алу жай-күйімен танысу;

3. «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» жобасы бойынша үйірме сабақтарының жай-күйімен танысу.

4. Білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарын (сайттарын) жүргізу туралы.

Біржан сал ауданындағы семинар –кеңестің жұмысына цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін әдіскерлер, аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері және  мектеп директорлары мен мұғалімдері қатысып аудандағы цифрландыру процесін әдістемелік сүйемелдеу туралы ақпаратпен бөлісті.

Ауа райына байланысты Аршалы ауданында семинар– кеңес (01.04.2023 ж.) онлайн форматта өткізілді.

Облыстың қалған аудандарында (қалаларында) осындай семинар – кеңестер өткізу ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.

Просмотров: 3860


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст