Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балаларға арналған тегін IT – сыныптар» үйірмесінің оқу бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы

22.05.2023

2023 жылдың 19 мамырында Әл-Фараби атындағы IT лицейінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы  № 727  қаулысымен бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының  3-жалпыұлттық басымдық «Сапалы білім. Білім беру сапасындағы алшақтықтардан –
сапалы білім алуға қолжетімділікті теңестіруге» 5-міндетін «Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту»  орындау үшін,  Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы ұсынымдарына сәйкес, робототехниканы, құрастыруды, бағдарламалауды, модельдеуді, 3D-жобалауды зерделеу арқылы оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту және жетілдіру мақсатында «Балаларға арналған тегін IT – сыныптар» үйірмесінің оқу бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Оқу бағдарламалары білім алушылардың деңгейлеріне (бастауыш, орта, жоғары) сәйкес аптасына 1, 2, 4 сағат көлемінде модульдер мен оқу жоспарлары бойынша әзірленді. Жұмыс тобының құрамына С. М. Сейпиева - топ жетекшісі, Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ мектеп бөлімінің меңгерушісі, С.А.Казбекова - Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ әдіскері, М.Г.Калиякбарова - Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ әдіскері, А.Б.Омарова - «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ әдіскері, А.С. Керибаев -  Біржан Сал ауданының білім бөлімінің әдіскері, IT бағыты бойынша жетекші мектептердің мұғалімдері: А. Амангелді - «Көкшетау қаласы Әл-Фараби атындағы ІТ-лицейі" КММ-нің ІТ бағыты бойынша директордың орынбасары, О.В.Шрейнер - Бурабай ауданы білім бөлімінің Щучинск қаласындағы №8 мектеп-гимназиясы» КММ информатика пәнінің мұғалімі, Ж.К.Балдекова - «Қосшы қаласының білім бөлімінің Қосшы қаласы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі,  А.К.Бершимова - «Көкшетау қаласы,  М. Ғабдуллин атындағы  №3 көпсалалы  гимназия» КММ  информатика пәнінің мұғалімі кірді. Сондай-ақ, отырысқа жұмыс тобының ғылыми кеңесшісі, «Аманат» партиясы Ақмола филиалының қоғамдық кеңесінің мүшесі М.Ө. Ибраев қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық оқу бағдарламаларын жұмыс тобы қабылдап, «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ әдістемелік кеңесінің бекітуіне жолданды.

Просмотров: 3762


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст