2018 жылғы 9 ақпан Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы Ақмола облысы білім басқармасының тәрбие жұмыстары бөлімімен тему «Жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға кірістіру» тақырыбында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысының әдіскерлері, балалар-жасөспірімдер үйлері/ орталықтарының директорлары және жас техниктер станциясының қызметкерлерімен семинар өткізді. Барлығы 30 адам қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының шеңберінде қосымша білім беру ұйымдарында балалар технопаркін құру мүмкіндіктері қарастырылды.
Директор Қадыров Бағдат Атығайұлы балалар технопаркін құрудың мақсаттары мен дамуы туралы ашып айтты.
Іс-шара барысында аймқтардағы балалар технопарктері қай бағытта жұмыс жасайтындығы. ұсыныстар мен идеялар тыңдалды.Семинар соңында қатысушыларға жобаны іске асыру бойынша ұсынымдар беріліп, іске асыру мерзімдері анықталды.