Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Акмолинский региональный центр новых технологий в образовании" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ұстаздар!

04.10.2024

Күздің осы жарқын күнінде Сіздерді мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтағымыз және өмір мен тағдырды өзгертетін жұмыстарыңыз үшін шексіз алғыс білдіргіміз келеді.

Сіздер әр оқушыға бағыт-бағдар беретін, қолдайтын, сенетін және  білім әлеміне жол көрсететін тұлғасыздар. Сіздердің арқаларыңызда балалар армандауды, мақсат қойып, оларға қол жеткізуді, жаңа нәрселерді үйреніп, дамуды үйренеді. Сіздердің сабақтарыңыз тек фактілер мен сандар ғана емес, олар өмір бойы оқушылармен бірге болатын маңызды өмірлік сабақтар.

Сіздер тек пәндерді ғана емес,сонымен қатар мейірімді, жанашыр және адал адам болуға үйретесіздер.

Әр жұмыс күндерііңіз жылулыққа, құрмет пен қуанышқа толы болсын. Оқушылар жетістіктерімен қуанта берсін, ал сіздердің кәсіби жолдарыңыз құрмет пен ізетке толы болсын.

Сіздерге денсаулық, шабыт және жаңа жетістіктерге жетуге тілейміз!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Просмотров: 3636


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст